• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2021

Атырауда газ өңдеу зауытының құрылысы басталады

479 рет
көрсетілді

Атырау облысында «Қашаған» кен орнынан өндірілген мұнай құрамындағы газды өңдейтін зауыт құрылысын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазір «Қашаған» кенішіндегі газды өңдеу мақсатындағы зауыт құрылысының жобасы әзірленіп жатыр. Жобаның инвестициялық құны – 370 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығында жүргізіледі деп болжанып отыр. Жоба жүзеге асқан кезде шикізаттық мұнайды экспорттау көлемі азаяды. Ал өңделген мұнайдың экспорты артып, мұнай-химия өнімдерін шығару ісі жолға қойылады», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Газ өңдеу зауытының құрылысын жүргізу кезінде 2800 жұмыс орны ашылады. Зауыт іске қосылған соң 600 адам тұрақты жұмысқа алынады.