• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2021

Ақсу электр стансасының жұмысы қарқынды дамуда

169 рет
көрсетілді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ құрамына кіретін Ақсу электр стансасында өңір басшысына №5, №6 және №7 энергоблоктардың жұмысы туралы айтылды.

Кәсіпорында 375 мың тонна көмір қоры бар, ол қазіргі жүктемемен 17 күнге жетеді.

Облыс әкіміне Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағындағы қазандықтағы жылыту маусымының барысы туралы баяндады.

Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 700 тоннаға жуық көмір жұмсап, штаттық режімде жұмыс істейді.

– Бастапқыда бұл қазандық зауытты жылытуға арналған болатын. Өндірілетін жылудың көп бөлігін қалаға беру үшін біз кәсіпорында жылу жүйесін жаңарттық және зауыттың жартысын өндірістен артылатын феррогаз есебінен жылытып отырмыз, – деп хабарлады АФЗ басшысы Сергей Прокопьев.