• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2021

Батыс Қазақстанда тұрғын отшашудан бетін күйдіріп алды

133 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жаңажылдық мереке кезінде отшашу салдарынан бетін күйдіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі 1-3 қаңтар аралығында қалалық көпбейінді аурухананың травматологиялық пунктіне 58 адам жүгінген.

«Оның 13-і көктайғақтан, 3-еуі сырғанақтан құлап, 23-і күнделікті тұрмыстық жарақат алса, біреуі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен және полицейлер төбелескен 13 адамды ауруханаға жеткізді. (...) Ал біреуі отшашудан бетін күйдіріп алған», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Отшашудан бетін күйдіріп алған адамға ем көрсетіліп, жарасы таңылған. Қазір ол амбулаториялық ем қабылдап жатыр.