• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Экология 05 Қаңтар, 2021

Адамдар тарапынан жануарларға негізсіз қатыгездікті түсіну мүмкін емес - министр

189 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарларды қорғау туралы заң жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Адамдар тарапынан жануарларға негізсіз қатыгездікті түсіну мүмкін емес. Күн сайын әлеуметтік желілерде жануарларға қатыгездік фактілері жарияланады. Кем дегенде соңғы істер қатарын алыңыз. Аққуды тұншықтыру, итбалық, иттерді мазақ ету фактілері көп. Заңнаманы қатаңдату қажет. Осылайша, жануарларға варварлық көзқарастың жиі кездесетін фактілерін жою мақсатында депутаттардың, жануар қорғаушылардың қолдауымен Жануарларды қорғау туралы заң әзірленді», деді министр.

Оның айтуынша, заңды іске асыру жануарларға жауапты иелік етуді және оларға ізгілікті қарауды қалыптастырады. Әртүрлі санаттағы жануарларға қарау кезінде жалпы және арнайы талаптарды белгілеуге, жануарларды қатыгездіктен қорғауға мүмкіндік береді.