• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2021

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Ақмола автомобиль жөндеу зауытына барды

106 рет
көрсетілді

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Ақмола автомобиль жөндеу зауытына арнайы барды және жергілікті ПИК төрағаларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесулер барысында сенатор 2020 жылы Сенатта қаралған заң жобалары мен қабылданған заңдардың маңызына тоқталды. Елдегі экономикалық ахуалды арттыру, сервистік экономиканы қалпына келтіру және нақты секторды орнықты дамытуға бағытталған заңнамалық актілер туралы мәлімдеді.

«Карантин кезеңінде коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын қолдау, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау, мақсатында маңызды заң жобалары қабылданды», – деп атап өтті сенатор.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан БЖЗҚ-нан қаржыны алу ережелері, әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдар қойылып, сенатор тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.