• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2021

Алматыда 2020 жылы рекордтық көлемде көшет отырғызылды

119 рет
көрсетілді

Пандемияға қарамастан, Алматының Жасыл экономика басқармасы үшін аяқталған жыл жемісті болды. Барлық бағыттарда нәтижелерге қол жеткізілді. Алматыға «жасыл қала» мәртебесін қайтару, арықтарды түгендеуді аяқтау, рекреациялық аймақтардың құрылысын аяқтау және қоршаған ортаға шығарындыларды қысқарту міндеттері қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айтқандай, 2020 жылдың маусым айында басқарма басшысы лауазымына Алматы әкімінің урбанистика жөніндегі кеңесшісі Наталья Ливинскаяның тағайындалды.

Көгалдандыру ісіне келсек, 2020 жылы рекордтық көлемде жасыл көшет – 280 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Салыстыру үшін: 2019 жылы 40 мың ағаш отырғызылғаны айта кетуге болады. Сонымен 2020 жылы ең көп ағаш Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында отырғызылды.

Оның үстіне былтыр Jasyl Almaty науқаны басталды. Осы күзде Жасыл экономика басқармасының мамандары қала тұрғындарына 551 көшетті тегін таратты.

Қараша айында LED-экрандарда отырғызылған ағаштар саны туралы бейнероликтер іске қосылды. Роликтер әр аудан бойынша мәліметтерден тұрды, сонымен қатар қала бойынша ағаштардың жалпы саны шығарылды.

2021 жылы 300 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Ал үш жыл ішінде 1 миллион жасыл желек отырғызылады

Экология мәселесіне тоқталатын болсақ, Алматыда қоршаған ортаға тараған қалдықтар 114 мың тоннаны құрады. 64%-70 мың тонна жылжымалы көздер, 35% - 43 мың тонна ЖЭО-2 және стационарлық көздер, 1% - 1 мың тонна жеке тұрғын үй секторы.

Бір жыл ішінде шығарындылар деңгейі 8 мың тонна ластаушы заттарға төмендеді. Ластанудың негізгі көзі көлік болып қала береді.

Қала ауасының негізгі ластаушысы – автокөлік. Ол барлық шығарындылардың шамамен 55% құрайды. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 520 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Салыстыру үшін электромобильдер саны 194 құрайды.

Қазан айының соңында Жасыл экономика басқармасы «Медеу» бекеті арқылы «Шымбұлаққа» кедергісіз өту үшін электркөліктерін тіркеу электрондық онлайн-сервисін іске қосты. Нақтыланған мәліметтер бойынша, барлығы 200-ге жуық электрокар тіркелген. Бұл сан жеңілдетілген тіркеу процесінің арқасында артады.

Сонымен қатар, біздің серіктестеріміз – Blue Sky Energy компаниясы «Медеу-Шымбұлақ» бағыты бойынша 5 экотаксиді іске қосты. Қуат көзі үш рет көтерілуге жеткілікті. Көлік шамамен 1 сағат қуатталады. Биыл дизельмен жүретін қоғамдық көлігін сатып алуға тыйым салынды. Отандық өндірістің 150 бірлік газ автобусы сатып алынды. Мәселен, бүгінде рейстерге 358 газ және 14 электравтобусы шығады.

Қоғамдық көлік автопаркін жаңарту есебінен зиянды заттардың шығарындылары 10 мың тоннаға төмендеді.

Сондай-ақ, ауаны негізгі ластаушылардың бірі – ЖЭО-2. ЖЭО-2 қала атмосферасына түсетін жалпы шығарындылар көлемі арқылы әсері әр түрлі бағалаулар бойынша 13-тен 27%-ға дейін құрайды. Бүгінгі таңда ЖЭО-2 шығарындылары жылына 38 мың тоннаны құрайды. ЖЭО-2 газға ауыстыру нұсқасы әзірленді және таңдалды: қазандықтарды газға ауыстыру арқылы жаңғырту жүргізіледі. Бұл шығарындыларды жылына 6,8 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Күшейтілген бақылау үшін басқарма қосымша тоғыз экобекет ашып, ескі он бекетті жаңғыруды көздеп отыр.

Биыл біз әкімдіктің ауқымды жобаларының бірі – Алматы қаласының Түрксіб ауданында ашылған «Желтоқсан» саябағы болды. Оның көлемі 100 гектар. Рекреациялық аймаққа Әуежай көлінің жағалауы кіреді. Мұнда біз 100 қылқан жапырақты ағаштарды отырғызылды.

«Достық» және «Қарасу» саябақтарын салу және реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалды. Жақында олардың ашылуы болады. Бір қызығы, екі жоба да жергілікті тұрғындармен бірлесіп жасалды.

Сонымен қатар, жобалар аясында қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Су объектілеріне келетін болсақ, 2020 жылы қалада алғаш рет арықтарды түгендеуде ауқымды жұмыс жүргізілді. Қазір оларды орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жіктеу және типтеу бойынша талдамалық жұмыстар жүргізілуде.