Altyn Bank «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық өтінімдер қабылдауды бастады. Бағдарламалардың операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының негізгі артықшылықтары оның атауынан көрінеді. Несиелер жылдық 7% тартымды пайыздық мөлшерлемемен, сатып алынған тұрғын үй құнының 20% бастапқы төлемімен 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Осы бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті тек бастапқы нарықта ғана құрылыс салушыдан сатып алуға болады. Сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін – 25 миллион теңге және Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 20 миллион теңге.
«Баспана хит» бағдарламасы бойынша Altyn Bank-тің әлеуетті клиенттері ипотекалық несиеге жаңа, сонымен қатар қайталама тұрғын үй сатып алуға өтініш бере алады. Сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін – 35 миллион теңге және Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін – 25 миллион теңге. Бұл шарттар клиенттер үшін жылжымайтын мүлік таңдауды едәуір кеңейтеді. «Баспана хит» бағдарламасының шарттары бойынша несиелер 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бастапқы төлем сатып алынған тұрғын үйдің нарықтық құнының кем дегенде 20%-ын құрайды. Ипотекалық қарыз теңгемен жылына 10,75% мөлшерлеме (ағымдағы күнге) бойынша беріледі. Сыйақы мөлшерлемесінің нақты мөлшері несие берілген күні анықталады.
Осы бағдарламалар бойынша әлеуетті қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар – Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 21-ден 60 жасқа дейін, расталған кірісінің болуы қажет және төленбеген ипотекалық қарызы, жеке тұрғын үйі болмауы тиіс.
«Біз әр клиенттің ипотека бойынша өзіне ыңғайлы және қолжетімді шарттарды таңдай алуын қалаймыз. «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламаларына қатысу біздің клиенттерге ең қолайлы нарық шарттарымен ипотекалық несие алуға мүмкіндік береді», дейді «Altyn Bank» АҚ бөлшек сауда бизнесі департаментінің директоры Жанар Шалабаева.
Кеңестерді +7 (727) 35-65-777 нөмірі бойынша алуға болады. Өтінімдер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы Altyn Bank филиалдары мен бөлімшелерінде қабылданады.