«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодар қаласында жалғасты. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, сайлаушылармен кездесті.
Партия белсенділері алдымен «Жаңа Роса» компаниясын аралап көрді. Бұл кәсіпорын – елдегі ең көне сыра зауыттарының бірі. Кәсіпорын Olvrieka (Бельгия), Berkefeld, Krones A.G., KHS и NIKO (Германия) секілді шетелдік компаниялармен әріптестік орнатқан. «Жаңа Роса» тек сыра өндірісімен ғана емес, түрлі алкогольді емес сусындарды, шырындарды және минералды су шығаруды да жолға қойып отыр. Кәсіпорынның үлкен ерекшелігі – жастардың потенциалына ерекше мән беруінде. Бұл ретте «Ақ жол» партиясы мен кәсіпорын жетекшілерінің ойы бір жерден шығып отыр. Партия белсенділері осы ұжымдағы жұмысшыларға партия ұсынып отырған елімізде жастарға көрсетілуге тиісті қолдау шараларының тізбегін таныстырды.
Ақжолдықтар одан бөлек «Реал-Строй-ПВ» серіктестігінің жұмысшыларымен де кездесіп, олардың ой-пікірін тыңдады. «Реал-Строй-ПВ» – құрылыс компаниясы. Серіктестік негізінен саяжайлар мен коттедждер салуға маманданған. Одан бөлек құрылыс компаниясы кейбір ғимараттарға реконструкция жасайды және жол жөндеу жұмыстарымен айналысады. «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы мұнда партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелеп берді.
Ал Алматы қаласында жастармен өткен кездесуде партия көшбасшысы Азат Перуашев Қазақстанға еркін, мықты және өзіне сенімді жастар қажет екенін мәлімдеді. Шараға партияның қалалық филиалының төрағасы Қуандық Бисқұлтанов, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар – партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, KBT Group компаниясының бас директоры Азат Сембинов қатысты. KBT Group кәсіпорнының басшылығы компания қоймасында экскурсия ұйымдастырып, жобалары мен жұмыс жағдайын таныстырды.
«Ақ жол» басшысы партияның жас қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы айтты. Оған жатақханалар салу қажеттілігі туралы және әр баланың дүниеге келуімен ипотеканы субсидиялау бойынша ұсыныстар жатады.
«Ақ жол» үгіт-насихат тобы жас сайлаушыларды демократиялық партияның бизнесті қолдау бойынша ағымдағы жұмысы мен бағдарламалық міндеттері туралы хабардар етті.
Сонымен қатар ол партияның Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ кредиттері бойынша да пайыздарды төмендету жөніндегі ұсыныстары туралы еске салды.
«Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйелеріне түбегейлі өзгерістер қажет», дейді ақжолдықтар. Осылайша партия мүшелері жастарды 2021 жылдың 10 қаңтарында сайлауға қатысуға шақырады. «Ақ жолдың» үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Партия өзінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру және сайлаушылардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмысын да ілгерілетуде.