• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Пікір 06 Қаңтар, 2021

Экономика саяси реформа арқылы дамиды

206 рет
көрсетілді

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір маңызды мәселеге жауап берді деп ойлаймын. Бізде бұрын даму қарқыны 4,5 пайыз болып, сосын одан да төмендеп кеткен.

Осыған байланысты енді Президент саяси реформа керек деп айтып еді, сол күннің өзінде қор индекстері көте­ріліп кетті. Осыдан-ақ қоғамға, біздің кәсіп­керлерге құқықтық және саяси рефор­малардың қажет екенін түсінуге болады.

Жақында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы өтпек. Осы арқылы жаңа саяси элита мен истеблишмент қалыптастыру амалы жасалып жатыр. Ол, әрине, экономикалық қарқынға әсер етеді. Жалпы, реформаларды талап ететін күш – экономика. Бізде халық көшеге шығып, саяси-құқықтық реформаларды талап етіп шеру жасамайды. Бірақ экономиканы талап етеді. Сондықтан біздің саяси элита, соның ішінде Қ.Тоқаев құқықтық-саяси реформаның керектігін өзі баяндап тұр. Президенттің ұстанымы – саяси реформа болмаса, онда экономикамыз алға жылжымайды деген көзқарас.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, соңғы уақытта ресейлік саясаткерлер біздің жеріміз туралы түрлі мәлімдеме жасап жүр. Олар біздің тарихымызды білмей тұрған жоқ. Тек белгілі бір идеологиялық, саяси шабуыл жасап жатыр. Бұл өте қауіпті. Ресей Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында бізбен одақтас. Сондықтан мұны жай әңгіме деуге болмайды. Осыған қатысты саяси басшылықтың нақты, батыл, жігерлі жауап бергені көңілден шығады.

 

Әзімбай ҒАЛИ,

саясаттанушы