Қырғызстанның жергілікті Кабар агенттігінің хабарлауынша, Ош облысында 5 қаңтарда жергілікті сағат 17:33-те 3 балдық жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz
Қырғыз Республикасының ҰҒА Сейсмология институтының деректері бойынша 2,5 балдық дүмпуі Орқазған, Ақтерек, Ничке-Сай, Зергер, Саламалик, Эркин-Тоо ауылдарында сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.