• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Атырау облысы «қызыл аймаққа» қайтадан енді

273 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы «қызыл аймаққа» қайтадан енді. Бұған соңғы екі тәулікте өңірден 250 адамның коронавирус инфекциясына шалдығуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тек өткен тәулікте 101 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

«Оның ішінде Атырау қаласында 9 адамнан, Теңіз кенішінде 78 жұмысшыдан коронавирус белгісі табылды. Сондай-ақ Жылыой ауданында – 2,  Құрманғазы ауданында 12  адам қауіпті індетке шалдықты. Науқастардың 12-інде симптомды түрі бар. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал қазір 321 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда  95, аудандардағы стационарларда 39, Теңіз кенішіндегі стационарда 811 адам ем қабылдау үшін жатқызылды.