• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Атырау облысында 1 жастағы 1970 бала балабақшаға барып жүр

448 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы  48 бөбекжай-балабақшаға 1 жастағы 1970 сәби барып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен Қызылқоға ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Бақытжамал Жұмабаеваның мәліметінше, 2014 жылдан бері 1 жастағы балалар  қабылданады. Балабақшада 80 адам  жұмыс істейді. Оның 36-сы педагог. Олар 250 балаға мектепке дейінгі тәрбие береді. Ал, кезекші топқа 130 балдырған бар.

«Біздің балабақшаның ерекшелігі – балалардың ой-өрісін ерте жастан дамыту. Бір жастан  қабылданған бөбектер төрт топта тәрбиеленеді. Оларға тәжірибелі мамандар тәлім-тәрбие  береді. Психолог әр баланың мінез-құлқын, топта өзін ұстауын зерттейді. Балалар түрлі биді де үйренеді» дейді Бақытжамал Жұмабаева.

Ерте жастағы топтың тәрбиешісі Гүлжазира Кенжебайқызының пікірінше, 1 жастағы балаларға негізінен ашық оқу сабағы өткізіледі.

«Мақсатымыз – бөбектің тыңдау, сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ертегілер, саусақ ойыны арқылы қызықты әңгімелер айтылып, тақпақтар жаттайды. «Кім шапшаң?», «Кім тапқыр?» сынды топтық ойындар өткізіледі. Әр топта он балдырған біріктірілген» дейді  ол.