• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Әскерилер мамандық бойынша даярлықтан өтті

225 рет
көрсетілді

Өскемен гарнизонының Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімінде жауынгерлік жоспарға сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілердің мамандық бойынша даярлығы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір айға созылған дайындық кезінде әскери қызметшілер функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануды, атуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс істеуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті. Сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізілді.

«Бүгінгі таңда дайындықтан шамамен 1100 әскери қызметші өтті. Еліміздің Қарулы Күштерінде тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі тиіс. Сондықтан әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындықтарына ерекше көңіл бөлінеді», - деді Қ. Қайсенов атындағы әскери бөлім командирі, подполковник Аслан Кітапбаев.

Аталған оқу даярлығын тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар жүргізді. Мәселен, мотоатқыштар бөлімшелерінде ЖӘҰМ (жаяу әскер ұрыс машиналарының) көздеуші-операторлар сияқты мамандар бар. Олар экипаж құрамында үйлесімді жұмыс істей алуы тиіс.

«Мамандық бойынша дайындық кезінде біз көздеуші-операторларды зеңбіректен ату және онымен қосарланған пулеметтен ату ережелерін үйретуіміз керек. Бұл машықтардың барлығы әскери қызметшінің кәсібилігін арттыру және өз мамандығы мен ұрыстағы мақсатын дұрыс түсіну үшін қажет», – деді көздеуші операторлардың нұсқаушы сержанты Ерасыл Маратов.

Жауынгерлерді дайындау жұмыстары осымен тоқтамайды. Әлі де шынығу, шыңдау жұмыстары жүргізіле бермек.