5 қаңтар, кешкі сағат 17.00 шамасында Өскемен полиция басқармасының жедел басқару орталығына "Светофор" сауда үйіндегі қайырымдылық жәшігі тоналғаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Куәгерлердің айтуынша, еуропалық нәсілді азамат қайырымдылыққа арналған жәшікті бұзып, ақшасын белгісіз жаққа алып қашқан.
Жедел оқиға болған жерге жеткен 5518 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы кіші сержант Азат Ульянов пен қатардағы Джохангир Амонов берілген деректер бойынша дереу күдіктіні іздеуге кіріседі.
Бірер минуттардан кейін ұландықтар тұрғын үй аулаларының бірінде түр-сипаты күдіктіге сәйкес К есімді азаматты қолға түсіреді. Ұсталған күдіктіні тексеру барысында оның наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталады. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін ұсталған азамат Өскемен қалалық полициясының Ертіс полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК 188 бабының 1- бөлімі (ұрлық) бойынша АЕҚ-ге тіркелді.