• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Сенат депутаты ұстаздармен Президент мақаласын талқылады

214 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор білім ошағында  болған кездесу барысында білім беру барысындағы ауқымды мәселелер мен жастар саясатына қатысты бағдарламаларды жан-жақты талқыға салды.

Депутат Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерімен де жүздесті. Кездесуге  профессорлар Жандарбек Мәлібекұлы, Серік Негимов, Дихан Қамзабекұлы, академик Сатай Сыздықовтар қатысты.

Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшысы өз мақаласында сөз еткен білім беру мен жастар тәрбиесі мәселелеріне қатысты ойларымен де бөлісті. Сенатор мақалада әрбір қазақстандықтың көкейіндегі ішкі және сыртқы саясат туралы маңызды сұрақтардың негізгі жауаптары жинақталғанын атап өтті.

Сенат депутаты  кездесу барысында профессор-оқытушылардың сұрақтарына  жауап берді.