• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қаңтар, 2021

Қытай АҚШ экономикасын басып оза ма?

900 рет
көрсетілді

Ұлыбританияда орналасқан экономикалық және іскерлік зерттеу­лер орталығының (CEBR) жазуынша, 2030 жылға таман Қытай экономикалық тұрғыда АҚШ-ты артта қалдырады. Бұған Қытайдың коронавирус пандемиясына лайықты қарсы тұрып, жылдам қалпына келгендігі себеп болуы мүмкін.

Қытай өзінде пайда болған коронавирус індетімен лайықты деңгейде күресіп, вирустың өршуін жылдам бақылауға алып, қатаң локдаун мен темірдей тәр­тіп­тің нәтижесінде жағ­дайды тез арада реттей алды. Сөй­тіп, ел экономикасы аса ауыр соқ­қыдан аман қалғандай. Ал жыл қоры­тындысы бойынша Қытай эко­номи­ка­лық құлдырауға ұшырамай, ке­рі­сінше 2 пайыздық өсім көрсеткен. Бұл ретте АҚШ экономикасы ауыр өзге­ріс­тердің қыспағында қалды. Құрама штат­тар­дағы эпидемиялық ахуал да көңіл қуантарлық деңгейде емес.

CEBR болжамынша, Америка эконо­микасы 2022-2024 жылдары 1,9 пайызға дейін өсім көрсетіп, сосын қайтадан 1,6 пайызға дейін құл­ды­­рап кетеді. Ал Қытай экономика­сы 2025 жылға дейін жыл са­йын 5,7 пайыздық өсім межесін ұстап тұруға қауқарлы. Содан кейін барып 2026-2030 жылдар аралығында 4,5 пайызға қайта төмендеуі мүмкін. Баяндамада келтірілген дерек бойын­ша 2000 жылы Қытайдың әлемдік эконо­ми­ка­дағы үлесі 3,6 пайыз болса, аталған көрсеткіш 2020 жылы 17,8 пайызға дейін жет­кен. Енді олар бұл көрсеткішті ұдайы өсіре түсуге және әлемдік көшбасшылық тіз­гінді ұстауға үмітті болып отыр.

«2020 жылы әлемдік ІЖӨ-дегі АҚШ-тың үлесі 24,6-дан 25,0 па­йызға дейін өсті. Ақша-несие сая­саты есебінен және ірі салықтық жеңіл­­­діктер арқылы эко­но­микалық шы­ғын­дар өтеліп отырды. Алайда сая­си көзқарастардың үйлеспеуі сал­да­рынан жаңа жыл қарсаңында 14 млн америкалық жұмыссыз және жәр­де­ма­қы­сыз қалды. АҚШ пен Қытай ара­­сын­дағы экономикалық бәсекелестік және жұмсақ күштердің күресі ертеден әлем­дік экономиканың басты ерекшелігі болып келеді. Дегенмен Covid-19 және оның экономикалық салдары тепе-теңдікті Қытайдың пайдасына қарай өзгерт­кені рас» делінген CEBR баян­да­ма­­сында.

Орталықтың болжауынша, 2021 жылы АҚШ-тағы ІЖӨ көрсеткіші жан басы­на шаққанда (қазіргі баға бойынша) 22,118 млрд доллардан келеді. 2025 жылы – 25,621, 2030 жылы – 30,466, 2035 жылы – 36,233 млрд доллар болмақ.

Қытай болса, алпауыт елдер арасында Жапония, Германия, Ұлы­бри­та­­ния, Үндістан, Франция секілді дер­жа­­ва­­лардың өзін артқа тастап тұр. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин был­тыр қараша айында «2035 жылға таман ел экономикасы екі есе та­быс­қа кенеледі» деп мәлімдеген бо­ла­тын. 2020 жылы халық саны 1 439,3 млн адамға жеткен алпауыт ел­дің экономикалық тұрғыда мықты бол­мас­­қа шарасы да жоқ секілді. Бұл дегеніңіз әлем халқының 18,5 пайызы.

«Қытай өзінің 14-ші бесжылдық жоспарын бастайды (2021 – 2025). Си мырза сыртқы және ішкі сұраныс­тар­мен қа­т­ар жұмыс істе­гісі келеді. Бұл АҚШ-пен және Қытайдың сау­да позициясына әсер ете алатын өзге елдермен сауда дау-дамайына әсерін тигізеді. Олар Қытайға сыртқы сұранысты азайтып тас­тасақ, олар (Қытай – ред.) ішкі сұра­ныс­­тың өсуіне тәуелді болып қалады деп есептейді. Қытай 2025 жылы 14-ші бес­жылдықтың аяқталар сәтінде жоғары дең­гейлі табысты ел атанғысы келеді» де­лінген сараптамада.

CEBR Қытайды 2030­ жыл­дан бас­тап әлемдік экономикалық рейтингтегі 1-орынға толығымен шығады деп болжайды. Бұл ретте 2030 жылы Қы­тай­дың жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші 33,718 млрд долларды құраса, көрсеткіш 2035 жылы 49,108 млрд долларға бір-ақ кө­терілмек.

The Wall Street Journal жазуынша, 2020 жылы Қытайдың қор нарығы 27 пайызға өсіп, пандемияға қарамастан көпжылдық максимумға қол жеткізген. Қазірдің өзінде шетелдік инвесторлар қытайлық компания акцияларын сатып алуға дәмеленіп отырған көрінеді. Елдің індеттен кейін жылдам еңсе тіктеуі, IPO сериялары және қытайлық компания акциялары бағасының өсуі жиынтық капиталдың 16,7 трлн дол­ларға (4,9 трлн долларға өсіп) жетуіне әсер еткен. Өсім динамикасы бойынша қытайлық компаниялар америкалық бәсекелестерінен 21 пайыз алға кеткен.

Экономикалық және іскерлік зерт­­теу орталығының болжамынан, әрине, Қа­­­зақ­стан да тыс қал­ма­ған. Баяндамада соң­­ғы төрт жылда Қазақстанның қор­ша­­ған орта мәсе­ле­лерін реттеу тұрғы­сы­нан бә­­се­кеге қабілетті бола түскенін жә­не 2020 жылы бизнесті жүргізу бо­­йынша дүниежүзілік банк рейтингінде 25-орынға ие болғаны айтылады.

«Қазақстан өзге елдер секілді Covid-19 әсерінен туындаған эко­но­­­ми­­калық және әлеу­мет­тік ауыр қиын­дықтарға тап бол­ды. 2020 жылы Қазақ­стан экономи­ка­сы 2,7 пайызға қыс­­қарды. ІЖӨ-дегі мемлекеттік қа­рыз­дың үлесі 2020 жылы 23,4 па­йыз­ға дейін өскеніне қара­мас­тан, мем­ле­кет­тік қаржылық жағдайы қа­лып­ты» де­лі­неді зерттеуде.

CEBR болжауынша, 2021-2025 жылдар ара­лы­ғында ІЖӨ-нің жыл­дық өсімі орта­ша 3,9 пайызды құ­райды. Эконо­ми­калық өсім де жоға­рылайды. Соның нәти­же­сін­де Қа­зақ­стан қазіргі 54-орыннан 2035 жылы 48-орынға көтерілмек.