• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қаңтар, 2021

Талдықорған әуе базасына – 50 жыл

367 рет
көрсетілді

Талдықорған авиациялық базасы өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Осыдан 50 жыл бұрын Талдықорған қаласына жойғыш-бомбалаушы авиациялық полкі көшірілді, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары бұл база қайтадан авиабаза ретінде ұйымдастырылды.

Мерейтойлық күнге орай барлық карантиндік нормалар сақтала отырып, салта­натты іс-шара өткізілді. Қор­­ғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бө­лімнің жеке құрамына құт­­тықтау жолдап, әуе база­сы­ның елдің қорғаныс қабі­летін нығайтуға қосқан зор үле­сін атап өтті.

Аталған базаның жеке құ­рамын онлайн форматта Қа­зақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Ор­манбетов, Әскери-әуе күш­терінің қолбасшысы, полковник Нұрболат Топаев, Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы, авиа­ция генерал-майоры Дәурен Қосанов құттықтады.

Бүгінгі таңда әуе базасы әуе күштеріндегі үз­дік әс­ке­ри бөлімдердің бірі болып саналады. Ол жа­уап­­кершілік аймағында Қазақ­стан Республикасының әуе кеңістігін күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік мін­деттерді орындайды. Алғаш­қылардың бірі болып Су-30СМ көпфункционалды жой­ғыштармен жасақталды. Ұшу және инженерлік-тех­ни­калық құрам жыл сайы­н өткізілетін барлық ірі ауқым­ды халықаралық оқу-жат­тығуларға, сондай-ақ Ар­мия халықаралық ойын­да­ры­на қатысады. Бұдан бас­қа, Талдықорған әуе база­сында бас­қа авиациялық бөлім­дер­ден ұшу экипаждары мен инженерлік-техникалық құрам қайта оқытудан өтеді. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, жердегі әскери ұш­қыштарды сапалы оқытуға мүм­кіндік беретін кешенді тренажер жұмыс істейді.

Бұл жерде әр жылдары Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, генерал-майор Ай­дын Айымбетов, Қарулы Күштердің ардагері, авиация генерал-лейтенанты Алек­сандр Сорокин, Қазақ­стан Қарулы Күштері Әуе қор­ғанысы күш­терінің Бас қол­басшысы, авиа­ция генерал-лейтенанты Нұр­лан Ор­манбетов, Әуе қорға­ны­сы күштері Әскери инсти­тутының бастығы, авиация ге­нерал-майоры Дәурен Қоса­нов қызмет атқарғанын айта кеткен жөн.