• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қаңтар, 2021

Трамп "бұғатталды"

952 рет
көрсетілді

Twitter  Вашингтондағы зорлық-зомбылық жағдайларының орын алуы салдарынан» АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттады. Бұл туралы әлеуметтік желі мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Twitter компаниясының өкілдері Трамптың әлеуметтік медиа ережелерін бұзатын соңғы үш жазбасын өшіруін сұраған. Талап орындалмаған жағдайда оның аккаунты үнемі бұғатталатынын айтқан. 

Сондай-ақ Facebook пен YouTube әлеуметтік желілері Трамптың Капитолийдің жанындағы демонстранттарды үйге баруға шақырып, сайлауда берілген дауысты «ұрлады» деп жариялаған видеосына тосқауыл қойды. 

Ал АҚШ Конгресінің жұмысы 6 қаңтарда президент Дональд Трамптың жақтастарынан құралған наразылық білдірушілер ғимаратқа басып кіргеннен кейін тоқтатылды. 

Осы кезде Конгресс өкілдері Джо Байденнің АҚШ-тың 46-шы президенті лауазымына кандидатурасын мақұлдап жатқан еді. Капитолийдегі оқиға кезінде конгресмендерді бір-бірден улы газдан қорғайтын құралдармен сыртқа шығарып жіберген. 

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден Трампты өз жақтастарын тыныштандыруға шақырды. Ел астанасындағы оқиғаларды наразылыққа емес, бүлікке ұқсататынын да айтып қалды. 

Трамп өз жақтастарын бейбітшілікке шақырып, полицияға қолдау көрсетуге тырысты. Кейін Вашингтондағы Капитолий ғимараты наразылық білдірушілерден тазартылғаны белгілі болды. Өкінішке қарай, ғимараттағы наразылық кезінде бір әйелге оқ тиіп, кейінірек ол қайтыс болды.