• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Наурыз, 2021

Қазақстанға 246 әуе жолаушысы ПТР анықтамасыз келген

155 рет
көрсетілді

2 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп жазады Egemen.kz

2 671 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен - 1 825, анықтамасыз - 235; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы, анықтамамен - 569; анықтамасыз - 11;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген барлық 199 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.