• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2021

Тегін такси, тегін автобус

554 рет
көрсетілді

Шығыста саршұнақ аяз апталап тұрды. Өскеменнің өзінде ауа температурасы түнде -40 градусқа дейін барса, күндіз -35-38 градустың маңайында. Мұндай күндері қала ішілік автобустардың жүруінен тұруы көп, деп хабарлайды Egemen.kz

Сақылдаған сары аязда жолаушылар кейбір автобусты сағаттап күтуге мәжбүр. Таксишілер болса, «құдайдың» құнын сұрайды. Ал, облыстық "Халифа Алтай" мешіті "Зекет" қорымен бірлесіп, аязды күндері Өскемен қаласының ішінде тегін автобус жүргізіп, тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Сонымен қатар, қатты аязда "Имам такси" жобасы іске қосылған. Олар қалалықтарды діт деген жеріне тегін жеткізіп жүр.

- Қалада қатты аяз. Қалаішілік қоғамдық көліктер уақытылы жүре алмай жатыр. Мешіт қызметкерлері тегін автобус, такси жүргізіп отыр. Сауабы мол бастамаға қала тұрғындары риза. Дін қызметкерлерінің қайырымдылық ісіне алғыс айтамыз!, дейді қала тұрғыны, зейнеткер Болат Мусин.​ ​ ​

 

Өскемен ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​