• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2021

Атырауда нөмірі жасырылған көлікті жүргізген жасөспірім ұсталды

201 рет
көрсетілді

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі медициналық маскамен жасырылған «Тойота Камри» автокөлігін жүргізген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тексеру кезінде бұл көлікті 16 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды. Жасөспірімге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа  жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жасөспірімге аталған Кодекстің 612-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.