• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Қаңтар, 2021

Алматылық дәрігерлер мыңнан астам науқастың денсаулығын дұрыстады

119 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Реаниматология және анестезиология орталығы жұмысына оң баға берді. Дәл осы күндері дәрігерлер 1 мыңнан астам ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, оларды реанимация бөлімшесінен палаталарға көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мысалы, жағдайыорташа ауыр пациенттер саны 2,5 есеге – 3 256-дан 1 343 адамға дейін төмендеді.

Н.Табынбаевтың айтуынша, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ковидтік бөлімшелерде жұмыс істей алатын мамандар резервін қалыптастырып, тұрақты түрде кадрларды дайындайды.

Алдыңғы шепте барлығы 1 096 қызметкер жұмыс істейді (оның ішінде 235 дәрігер, 471 медбике, 390 кіші медициналық қызметкерлер). Бүгінгі күні барлық стационарлар білікті мамандармен толық жасақталған, бірақ барлық жоспарланған төсек-орын қорын пайдаланған жағдайда кадрларға деген қажеттілік те артады.

Ол үшін бүгінде мамандарды қайта даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әрине, дәрігер-инфекционисттер, пульмонологтар, анестезиолог-реаниматологтар және эпидемиологтар коронавируспен күресуде ең сұранысқа ие мамандар болып қала береді.