• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қаңтар, 2021

Елордада 13 автокөлік жанып кетті (видео)

2007 рет
көрсетілді

Елордалық өрт сөндірушілер автожуу нысанындағы жалынды сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға бүгін, яғни 7 қаңтар сағат 08: 52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан автокөлік жуу орнында тіркелген. Оның ішінде көлік жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. «Өрт сөндірушілер сағат 08:59 шамасында келген бойда «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлікке зақым келген. Автокөлік жуатын орын автокөліктермен тығыз толтырылғандықтан отты ауыздықтау біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылының арқасында тілсіз жау сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», дейді министрліктен.