Туроператорлар 2021 жылы саяхаттың жаңа түрі пайда болады, деп болжап отыр. Олар коронавиурстан емделіп шыққандардың денсаулығын қалпына келтіруге және инфекцияның алдын алуға арналады, деп жазады Egemen.kz
«Адамдар тұрғылықты жеріне жақын орналасқан курорттарға барады. Көптеген курорттар ковидтан кейінгі қалпына келтіру бағдарламаларын енгізеді. Олар 10 күннен басталады, бірақ екі аптадай болу қажет», дейді мамандар. Туристік операторлардың айтуынша, қалпына келтіру бағдарламасына оңалту курстары, иммундық жүйені және жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту ем-шаралары кіретіндігін айтты.
Сарапшының айтуынша, бұл үрдіс әлем коронавирусты жеңгенше жалғасады. Қазіргі уақытта мұндай бағдарламалардың бағасы бір адамға күніне 33 мың теңгеден басталады.