• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2021

Қарағанды әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

691 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылыту жұмыстарының кемшіліктеріне байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ әкім қарағандылықтардың үйлері неге суық болатынын түсіндірді. 

«Біріншіден, бұл - аймақтағы ұзаққа созылған аязға байланысты. Екіншіден, жыл басынан бері станцияда турбогенератордың жұмысына қатысты келеңсіз үш жағдай болды. Бұл жылу берудің 90 градусқа дейін төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта станция тұрақты режимде жұмыс істейді және 109 градус жылумен қамтамасыз ету қалпына келеді. Үшіншіден, құбырлардың жылу жоғалтуына байланысты. Бұл мәселені шешу үшін осы осы жылдан бастап ауқымды түрде құбырларды жылу оқшаулау жабдықтарымен қамтамасыз етуді бастаймыз», - деді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.