• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2021

Парламенттік ассамблеясы байқаушылар миссиясымен кездесу өткізді

132 рет
көрсетілді

Қазақстан СІМ Мәжіліс сайлауындағы ТүркПА байқаушыларын қабылдады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауды бақылау үшін келген Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы байқаушылар миссиясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесу барысында байқаушыларға сайлау науқаны және еліміздегі кейбір сайлау рәсімдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ТүркПА өкілдерімен ұйым аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ТүркПА Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы 21 қарашада құрылды. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан. Ұйымның мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдері.