• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2021

Ресейлік жүргізушілер құтқарылды

184 рет
көрсетілді

СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі, подполковник Ерлан Мәдиевтің айтуынша "Челябі-Новосібір" автожолында екі ресейлік азамат Hyundai Santa Fe автокөлігімен Солтүстік Қазақстан арқылы Омбыға бет алған.

Жолдың 608 шақырымында көлік сынып қалады. Суық жел мен ызғарлы аяздан көліктің іші жылдам салқындаған. Абырой болғанда, авариялық жарық сигнализациясы патрульдік полиция батальоны экипажының көзіне түседі. Полиция аға лейтенанты Сергей Михайленко және полиция лейтенанты Жанат Сәдуақасов кроссоверді жақын маңдағы жанар-жағармай бекетіне жеткізіп, көлікті жөндеуге көмектескен. Бұдан бөлек, полицейлер жүргізушілерге Омбы қаласына жетіп алғанша қоңырау шалып тұрған. Офицерлерге риза болған омбылықтар олардың көмек көрсетіп жатқан сәтін смартфонға түсіріп, видеоны интернетке жүктепті.

Күн сайын облыс жолдарында патрульдік полицияның 15 экипажы қызмет атқарады.

Солтүстік Қазақстан облысы