• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2021

Ақтау тұрғынына жаңа жылдық мереке қоғамдық жұмысқа тартумен аяқталды

329 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының тұрғыны үшін мас күйінде дүкенге бару қоғамдық жұмысқа тартуға әкеп соқты. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарланғандай, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жасаған ескертуіне «А» деген азамат жауап ретінде балағат сөздер айтып, қарсылық көрсеткен. Кейін бұл азаматтың қатты мас күйде екендігі белгілі болды.

Осылайша, өзінің жасаған бұзақылық әрекеті үшін, аталған азамат Ақтау қалалық сотының үкімімен 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылды.

«Қазіргі таңда аталған азаматқа қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес тағайындалған жазаны орындау үшін тиісті аумақ бөлініп берілді», деді Маңғыстау облыстық пробация қызметінің бастығы Ғабит Чутабеков.