• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2021

Алматыда сайлау кезінде жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды

91 рет
көрсетілді

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласы Мәслихатының сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сайлаудың өту барысы туралы жедел ақпарат тарату мақсатында Алматыда жалпықалалық баспасөз орталығы ашылды.

Баспасөз орталығы жұмысының қағидаттары - Алматыдағы сайлау барысы туралы қалың жұртшылықты бірінші кезекте хабардар етудегі объективтілік пен жеделдік және беделді сараптама.Бақылаушылар мен БАҚ өкілдерін ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырады.

Барлық отандық және халықаралық бақылаушылар 1308, +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірлері бойынша және info@rsk.almaty. kz. электрондық мекен-жайы арқылы баспасөз конференцияларын өткізуге өтініш бере алады. Баспасөз орталығында журналистердің жедел жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Баспасөз орталығы заманауи техникамен және компьютерлермен, интернетке шығу және wi-fi-ға қосылу мүмкіндігі бар 40-қа жуық жұмыс орындарымен жабдықталған. Бейнеконференциялық байланыс режимінде және Zoom платформасында бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік бар.

Жалпықалалық баспсөз орталығы «Қазақстан» қонақ-үйінде, «Алтын Емел» залы, 1 қабатта орналасқан. сұрақтар бойынша +7 747 615 6602 нөміріне хабарласуға болады.