Бүгін 9 қаңтар ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні. Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол - тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деген болатын ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.