• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Видео 09 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев елорда атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

4695 рет
көрсетілді

Елбасының баспасөз қызметінің Yoytube арнасында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үшінші бөлімі жарияланды. Деректі фильмде Елбасы астана атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

«Президент қызметінде болғанымда мен бұған әрқашан қарсы болып, түбегейлі тыйым салғанмын. Тәуелсіздіктің әр күні немесе менің туған күнімде менің атымды көшеге, мектепке бергісі келгендер болды. Мен тәмамдаған Абай мектебін менің атыма қалай ауыстыруға болады? Бұл сөзсіз қате ғой. Бұған тыйым салдым. Мұны білесіздер. Келісім бергенім - университет атауы. Бұл маңызды, әлемге қарасаңыздар, барлық университет сол оқу орнын кім қаласа соның атымен аталады. Идеясын айтып, Назарбаев университетін құрдым. Біріншіден, сол жаққа тарту үшін келістім, екіншіден жастар оқуға қызықсын дедім. Мен келісім берген жалғыз нысан осы. Қате жасаған болсам, айыптымын, мойындаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үшінші сериясында.⠀Назарбаевтың айтуынша, қалған нысандарға есімін беру оның келісімінсіз болған.⠀«Тәуелсіздікке 25 жыл толған кезде де Парламент елорданы Нұр-Сұлтан деп атау туралы бастама көтерген болатын. Бұрын қала Ақмола деп аталған. Астананы халықаралық деңгейде таныстыру міндеті тұр еді. Қонақтарды шақырдық. Ақмола деп атау турасында да әртүрлі пікір болғандықтан, ойыма елорданы Астана деп атау туралы идея келді. Бұл – жаңашылдық емес. Мысалы, Бейжің деген сөз де Солтүстік Астана дегенді білдіреді. Сондай мысал көп. Астана деген атау жақсы сіңісіп, адамдар да, әлем де үйренді. Естеріңізде болса, ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсыныс жасады: осы қаланы құрған адамға, құрылысына ұйытқы болған адамға Нұр-Астана немесе Нұр-Сұлтан деп қала атауын өзгертейік деп ұсыныс жасады», - деді ол.⠀