• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2021

Оралда төтеншеліктер жарылыстың алдын алды

173 рет
көрсетілді

Орал қаласында шағын кәсіпорындардың бірінде болған өртті сөндіру кезінде төтеншеліктер жедел қимылдап, ықтимал жарылыстың алдын алды деп хабарлайды Egemen.kz.

9-қаңтарға қараған түнгі сағат 3-тен 14 минут өткенде Орал қаласының Жәңгір хан көшесі бойындағы «Хазар»кемпингі аумағында өрт шыққаны туралы суыт хабар жеткен болатын. Тілсіз жау кемпинг аумағындағы қосалқы үй-жайда,екі қабатты шиномонтаж ғимаратында болған.

Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер жалпы ауданы 44 шаршыметрлік бөлмеде жеке заттар, пластикалық терезе жақтаулары, тұрмыстық техникалар жанып жатқанын көрген. Ең қиыны – ғимарат ішінде жарылу қаупі бар жоғары қысымды балон көп екен. Өрт сөндірушілердің ұтымды іс-қимылының арқасында оқиға орнынан 4 оттегі, 4 пропан балоны және фреоны бар 14 балон (хладагент) қауіпсіз жерге шығарылды.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар Департаменттің 7 жеке құрамы, 3 техникасы жұмылып, шеберханада өрт түнгі сағат 04.38.-де толығымен сөндірілді.

 Батыс Қазақстан