• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2021

Атырауда 92 адам коронавирусқа шалдықты

369 рет
көрсетілді

Атырау облысы тағы да «қызыл аймаққа» енді. Өткен тәулікте өңірде 92 адам коронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде Атырау қаласынан 24 науқас тіркелді. Теңіз кенішінде 57 жұмысшы,  Құрманғазы ауданында 11 адам қауіпті вирусты жұқтырып отыр. Ал 14 науқаста коронавирустың симптомды түрі анықталды.

«Өткен тәулікте 134 адам қауіпті індеттен жазылып шықты. Қазір 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98, ал аудандардағы  стационарларда 27, Теңіз кенішіндегі стационарда 803 адам ем қабылдап жатыр» деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.