Түркияның Карс қаласына қарасты Сарықамыс ауданында қардан үш жауынгердің мүсінін жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.
Қардан соғылған ескерткіш 8-10 қаңтар күні Түркияда өтетін Сарықамыс шайқасының 106 жылдығына арналған еске алу шарасына орай дайындалған. Шеберлер жұмыстарын аяқтауға жақын. Қазірдің өзінде туындыға қызығушылық танытып жатқандар бар.