• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қаңтар, 2021

Гасан Гасанов: Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мыңжылдықтардан бастау алады

347 рет
көрсетілді

Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі, Әзербайжанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Гасан Гасанов қазақ мемлекеттілігінің тарихы мыңжылдықтардан бастау алады деп санайды.

Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында сөйлеген Г.Гасанов:

«Қазақ халқының және оның мемлекеттілігінің тарихи тамыры мыңжылдықтардан, нақтылап айтқанда, сақ-скиф дәуірінен бастау алады. Бұл даусыз дерекке Страбон, Геродот, тағы басқа да көне заманғы авторлардың еңбектеріндегі мәліметтер айқын айғақ бола алады» деп атап өтті.  

Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.