• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қаңтар, 2021

Солтүстік Америкада дипломаттар Қазақстанның сайлауға дайындығын талқылады

192 рет
көрсетілді

Алдағы жексенбіде өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауы туралы дипломатиялық өкілдіктердің брифингтер сериясын Қазақстанның Солтүстік Америка елдеріндегі елшіліктері аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов Конгресс мүшелері үшін онлайн форматта брифинг өткізді. Іс-шара қатысушыларына Қазақстандағы демократиялық институттар мен оның барысын одан әрі жетілдіруге бағытталған реформалардың іске асырылуы, сондай-ақ сайлау процесі туралы толыққанды ақпарат берілді.

Биылғы сайлау науқанын туралы хабардар ете отырып, дипломат сайлауға дайындықтың негізгі кезеңдері, Қазақстанның сайлау заңнамасы, қатысушы партиялар, Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазіргі пандемия жағдайында Елші Е.Қазыханов мемлекеттің сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан қосымша шараларын ерекше атап өтті.

ҚР Елшісі Қазақстандағы демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды жоғары Халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданғанын айта кетті. Атап айтқанда, саяси партияларды тіркеу шегі төмендетіліп, әйелдер мен жастардың Парламенттегі өкілдігі артты.

«Еркін және әділ сайлау еліміздің Конституциясында бекітілген Қазақстанның мемлекеттік билігін ұйымдастырудың негізгі қағидаты», - деді Е.Қазыханов өз сөзінде.

Брифинг қорытындысы бойынша Е.Қазыханов заңнамаға өзгерістер енгізу, саяси партиялардың қызметі, мемлекеттің тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары сияқты сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанның Канададағы елшілігінің онлайн-брифингіне Канаданың ғылыми және қоғамдық топтарының өкілдері, журналистер, қазақстандық студенттер, Канададағы ҚР азаматтары, сондай-ақ қазақстандық диаспораның өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы биылғы сайлау процесінің ерекшеліктерімен және елімізде жалғасып жатқан саяси жаңғырту шеңберінде ҚР Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Бұл ретте, ағымдағы сайлауды ұйымдастыру шарттарына, сондай-ақ сайлауда аккредиттелген халықаралық шетелдік бақылаушыларға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар Канадада дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі мәселелеріне айтарлықтай қызығушылық танытты. Елшілік 2021 жылғы 10 қаңтарда Оттава мен Торонтодағы №279 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру күні, уақыты және тәртібі туралы толық ақпарат берді. Елдегі қатаң карантиндік шараларға байланысты Елшілік қауіпсіз дауыс беру процесін қамтамасыз ету және Онтарио Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің барлық ұсынымдарын орындау үшін толық шараларды қабылдады.