• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2021

«Жеңгетайдың» жолы кесілді

259 рет
көрсетілді

Қосымша ақы үшін жеңгетайлықпен айналсып, кездесулер ұйымдастырып жүрген әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тексеру кезінде, интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру жарияланған сайтты байқаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 24 жастағы  әйел адам сайт арқылы жеңгетейлықпен айналысқаны белгілі болды. Ол сайтта байланыс деректерін көрсетіп, үш әйелді тіркеп, қыздар туралы және жалға берілетін пәтерлер мен апартаменттерге шығу туралы ақпарат беріп отырған. Клиенттерден барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған. Ал интимдік қызмет көрсететін қыздар түскен қаражатының 50  пайызын беріп отырған.

Былтыр желтоқсанның соңында «Құқықтық тәртіп» шараларын өткізу барысында 24 жастағы күдіктіге қатысты жеңгетайлық фактісі анықталды. Күдікті хабарласқан клиенттерден тапсырыстар қабылдап,   қалалық сауналардың бірінде қосымша ақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздарды тауып беріп отырған, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өскемен

Шығыс Қазақстан облысы