• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2021

Талғам мен талаптан шығатын депутаттар керек

125 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде мемлекеттік биліктің қыруар шаруа атқарғаны, халық тұрмысының жақсарып, ілгерілегені рас. Оны жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен осы уақытта халықтың талғамы, жоғары билікке қоятын талабы да өсті. Осындай өскелең елге халық талабынан шығатын қалаулылар керек, деп хабарлайды Egemen.kz

Өкінішке қарай, қазір халықтың осы талғамы мен талабынан біздің билік орындары да, сайланбалы органдар да толық шығып тұрған жоқ. Әсіресе депутаттар өз міндетін толығымен атқарып отыр деп айтудың өзі артық. Сондықтан бүгінгі сайлаудан күтетін үміт көп. Қоғамның әрбір мүшесі ата-баба қасиетіне тән адалдық, мәдениетті, қоғамды алға бастыратын, тұлғасына қарап бой түзейтін жандардың халық сөзін ұстағанын қалайды. Парламентте, мәслихаттарда ойы да, сойы да биік, сөзі де, ісі де ірі, қолы мен жүрегі таза адамдар отырса деген үмітім бар.

Оның үстіне биыл тұңғыш рет қоғамдық ұйым ретінде кәсіподақ мүшелері сайлау науқанына бақылаушы ретінде қатысып жатыр. Біздің салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өзінен Батыс Қазақстан облысында 40 шақты бақылаушы бүгін сайлау учаскелерінде отыр. Еліміздің ертеңгі күніне ерекше ықпал ететін саяси науқанның ұйымшылдықпен өтуін тілеймін.