• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2021

Алматының сайлау учаскелеріндегі жағдай бірқалыпты

105 рет
көрсетілді

Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің бақылаушылар штабының жетекшісі Серікжан Байғұттинов сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Сайлаушылар дауыс беру процесіне белсенді қатысуда. Дауыс беру процесінде оқыс оқиғалар, заң бұзу байқалмайды. Санитарлық нормалар сақталады. Кіре берісте дезинфекциядан өтуге болады, дәрігерлер сайлаушылармен кездесіп, олардың температурасын тексереді. Белгілер мен бөліністер бар», деп атап өтті ол.

Штаб мүшесі Гүлнар Тауанова учаскелердегі бақылаушылармен байланыс туралы сұраққа: «Мен Түрксіб ауданы бойынша үйлестірушімін. Мен 58 учаскеде жұмыс істеймін, онда екі ауысымға бөлінген 116 бақылаушы бар. Біз үнемі бақылаушылармен байланыстамыз, әр сағат сайын олар жағдай туралы есеп береді. Учаскеде таңғы сағат 6-дан бастап жұмыс істеп отырмыз», деп жауап берді.