• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2021

Партиялар халықтың сұранысын елеп отыр

345 рет
көрсетілді

Ел үшін маңызды науқан ғой. Сондықтан да бір кісідей барып өз таңдауымызды жасадық.

Мақсатымыз да, аналар арасында сайлаудың мәдениетін, маңызын көрсету еді. Қазіргі таңда әр ана өз құқығын білетіндей дәрежеге жеттік. Енді алтын құрсақтылар ұрпағының болашағы үшін таңдау жасай білуі керек.

Партиялар ұсынған бағдарламаларда «халық назар аударады-ау» деген тұстары көп. «Нұр Отанның» бағдарламасы халықты елең еткізе қоймауы мүмкін. Бірақ, терең үңіліп қарасақ, ауқымды мәселелерді көтеруге ниетті. Бірнеше жылға жоспар бар. «Ақ жол» партиясы «несиені кешіру керек» деген сияқты халықтың көкейінде жүрген мәселелерді алға тартқан. «Ауылдың» бағдарламасын да қарадық. Өзім де қоғамда, билік алдында ауылдың мәселелерін көбірек көтеремін.

Атап айтсам, баспана, өндіріс, ауылшаруашылығы, жұмыс орындардың жоқтығы сияқты проблемалар аз емес. Айтпағым, «Ауыл» партиясының жоспарларына да көңіл толады. Таңдау әркімнің өз еркінде. Мысалы, дүкенде қарапайым затты да таңдап аласың. Оның қасында сайлау үлкен жауапкершілік ғой. Ұсынған бағдарламаларына қарай өз таңдауыңды жаса. Жалпы партиялар халықтың сұранысын елеп отыр.

 

Жұлдыз АҚТАНЖАНОВА, «Үйлесім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі