Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы Батыс Қазақстан облысында да ұйымшылдықпен өтті.
Өңірдегі барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сай жабдықталған. Сайлау учаскесіне келген тұрғындарға тегін медициналық маска берілді. Орал қаласында қоғамдық көліктер тегін жүрді.
Бұл сайлауда Батыс Қазақстан облысында 451 мыңдай адам дауыс бере алады. Облыс аумағында 505 сайлау учаскесі болса, соның 110-ы – Орал қаласында, 80-і аудандарда орналасқан. Өңірден Мәжіліс және мәслихат депутаттығына 450 үміткер тіркелген.
Екі күн бұрын Батыс Қазақстан облысы аумағында боран соғып, көп жерде қар аралас жаңбыр жауып кетті. Содан да кеше көшеде көктайғақ болып, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындап кетті. Жергілікті билік орындары жолдарды тазалау, құм себу жұмысын жедел жүргізді.
Қорыта айтқанда, батысқазақстандықтар сайлауға белсенді түрде қатысты.
Батыс Қазақстан облысы