• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Сарапшылар сайлаудың алдын ала нәтижелері туралы не дейді?

316 рет
көрсетілді

Қазақстанда бес партиядан басқа бақылау жүргізген 25-ке жуық қоғамдық ұйым болды.

Саясаттанушы Марат Шибұтов елімізде өткен сайлау туралы өз пікірін айтты.  Шибұтов бұл күтілген нәтиже екенін атап өтті.

«Республика бойынша үш партияның өтетіні күтілген нәтиже. Өйткені сенің Парламентте, мәслихаттарда депутаттарың болған кезде, сен жұмыс істейсің, әлдеқайда танымалсың және т. с. «Ауылда» бір ғана сенатор, бірнеше депутат бар, сондықтан көлемі бойынша екінші бюджетке қарамастан, олар әзірше үшінші орынға ие болды. Әзірге олар деңгейге жетпей тұр. Бірақ өткен жолғы сайлаумен салыстырғанда, 2016 жылы оларда тек 2% болған, сол кезге қарағанда олар айтарлықтай өсті. 2,5 есеге деп санаңыз. «Бірлік»  көп жұмыс істемеді, ол өлі партия болды. Оған ребрендингті қосыңыз. Адамдар «Адал» дегеннің не екенін біліп, танып үлгермеді. Бізде әдетте аванстар бергенді ұнатпайды… Сондықтан «Адалдың» әзірге қолынан келмеді. Егер олар жарты жыл бұрын ребрендинг жасаса, мүмкін олар дауыс жинай алар еді», –  деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Қазақстанда көппартиялыққа, пікір плюрализміне және өркениетті қалыпты бәсекелестікке жалпы тренд қалыптасты, сондай-ақ, ол Алматыдағы сайлауға түсініктеме берді.

«Бәрі бір-бірінің нәтижесін мойындайды, өз ісіне адал болды. Сайлаудың тыныш өтуіне атсалысты. Біз күні бойы жаппай заңбұзушылықты көрген жоқпыз. Мен халықаралық бақылаушылардың да, біздің бақылаушыларымыздың да бағалауы өте дұрыс деп айтар едім. Сайлау әділ өткізілді», – деді Марат Шибұтов.

Оның айтуынша, бақылаушылардың саны өте көп. Қазақстанда бес партиядан басқа бақылау жүргізген 25-ке жуық қоғамдық ұйым болды. Іс жүзінде барлық учаскелерді бақылаушылар қамтыды. 

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлчохра Махметова ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы қалай өткені туралы пікірін бөлісті.

«Жалпы, бұл сайлау, ең алдымен, біздің еліміз үшін өте маңызды болды. Себебі Мемлекет басшысы партиялық тізімге жастар мен әйелдердің кем дегенде 30%-ын қосуға бастама көтерді. Қазақстанның әйел күштері альянсы саяси көшбасшылық мектебін құрды, онда еліміздің барлық өңірлерінен келген әйелдер оқудан өтті және кандидат ретінде үлкен, жоғары саяси сауаттылықты көрсетті.

Ең маңызды айырмашылық және әйел ұраны – жұмсақ күш қолдану. Жұмсақ күш – бұл махаббат, қамқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық, сақтық, сонымен бірге, балалар, отбасы, әйелдерді қорғау, балаларға білім беру үшін жақсы өмір сүру мақсатының айқын белгіленуі. Әйелдер ұсынатын барлық нәрсені мемлекет қолдайды», – деді Махметова.

Бауыржан Мұстафин сайлау учаскелерінде барлық санитарлық нормалар сақталғанын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, саясаттанушы Бауыржан Мұстафин ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты пікірімен бөлісті.

«Сайлау тыныш жағдайда өтті деп айтуға болады. Біз сайлауда қандай да бір заңбұзушылық байқамадық. Бүкіл республика бойынша бізде 10 мыңнан астам сайлау учаскелері және шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда 50 учаске жұмыс істеді. Біздің шетелдегі отандастарымыз сайлауға белсенді қатысты. Әрине, бұл 2019 жылғы президенттік сайлауға қарағанда біршама азырақ. Бірақ, тұтастай алғанда, бұл 2016 жылғы парламенттік сайлаумен шамалас болды.

Қазақстандықтар үшін кейбір тосынсый бар, бірінші кезекте, мәслихатқа сайлау енді мажоритарлық жүйе бойынша емес, пропорционалды жүйе бойынша өтетінін айтуға болады», – деді саясаттанушы.

Ол барлық сайлау учаскелерінде санитарлық нормалар сақталғанын да атап өтті.

«Эпидемиологиялық жағдай сайлаушылардың келуіне қатты әсер етті деп айта алмаймын. Мен барған барлық сайлау учаскелерінде санитарлық нормалар сақталды. Саннормалар бойынша шағым болған жоқ», – деп қосты Мұстафин.

Саясаттанушы Орталық сайлау комиссиясы партиялар мен бақылаушылардың сұрақтарына жедел жауап берді деп мәлімдеді.

«Партияларда, бақылаушыларда ОСК-ға қатысты белгілі бір сұрақтар болды. Бірақ сайлау комиссиясы жедел әрекет етті деп айта аламын. Сайлау компаниясы мен бүгінгі сайлау барысында туындаған барлық мәселелер шешілді деп ойлаймын», – деп түйіндеді ол.