• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында бір тәулікте 135 сәби дүниеге келді

179 рет
көрсетілді

Түркістан облысында бір тәулікте 135 сәби, яғни 63 ұл, 72 қыз баладүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, осылайша рекорд орнатылған, ал жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Сайлау өткен күні өңірде дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер – Сайлау, Сайлаугүл, Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт екен. Осылайша түркістандықтар сәбилерінің дүниеге келген қуанышын Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаумен байланыстыруды ұйғарған.

Айта кетелік, облыстың барлық перзентханаларында үш жүзден астам жүкті және босанған әйелдер сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жалпы Түркістан облысы бойынша жылына 100 мыңға жуық сәби, ал  бір тәулік ішінде шамамен 50-60 нәресте дүниеге келеді.

 

Түркістан облысы