• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қаңтар, 2021

Мемлекет басшысы ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттарға дауыс берді

152 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр .

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген.

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

ҚХА-ның XXVIII сессиясының соңында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ министрлер дауыс берді.

2020 жылдың 24 желтоқсанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске ҚХА атынан сайлауға түсетін 9 депутатты тіркеген еді.