Отандық Vesti.kz сайтының оқырмандары 2020 жылдың ең үздік спортшыларын анықтады. Дауыс берушілердің дені зілтемірші Рахат Бекболатты қолдаған екен.
Қызылорда облысының өкілі жайында біз алғаш рет өткен жылдың ақпан айында Ташкентте жалауы желбірген жастар арасындағы Азия біріншілігінде естіген едік. Өзбекстанның бас шаһарында 102 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 16 жасар Рахат Бекболат бас жүлдені олжалаумен шектеліп қалмай, әлемдік рекордты да жаңартты. Сол жарыста ол даңқты Илья Ильиннің көрсеткішінен де асып түскен еді. Ал қараша айында ұйымдастырылған әлем кубогында қазақтың аса дарынды зілтеміршісіне тағы де тең келер ешкім табылмады.
Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарына футболшы Бахтиер Зайнутдинов, хоккейші Даррен Диц, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин және аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмонов сынды саңлақтар енді.