• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қаңтар, 2021

Жұмаханов та, Серікжанов та сан соқты

373 рет
көрсетілді

Катардың астанасы – Дохада дзюдодан өтіп жатқан Мастерс турнирінде 66 кило салмақта белдесіп жатқан қос жерлесіміз де жарысты сәтті бастаған еді.

Елдос Жұмаханов алғашқы айналымда ресейлік Якуб Шмайловқа шаң қаптырып, өз жанкүйерлерін қуантты. Алайда келесі кезеңде моңғолиялық Башху Йондонперенелеге жол берді.

Ерлан Серікжанов бастапқы қос бәсекеде ресейлік Абдула Абдулжалиловтың аяғын көктен келтіріп, кореялық Кимды қапы қалдырды. Десек те одан кейін қандасымыз Моңғолияның өкілі Кхерлен Ганболқа есе жіберді.