• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Алматыда сайлау учаскелеріне миилион бетперде бөлінді

237 рет
көрсетілді

Тағы бір миллионы мегаполис мектептеріне таратылды. Өткен сайлауда дауыс беру үдерісіне қатысушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен сайлау учаскелеріне 1 миллион жеке қорғаныс құралы (бір реттік бірреттік бетперде) бөлінді.

Бір реттік маскалармен сайлау учаскелерінде кезекшілік еткен медициналық қызметкерлер, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, кандидаттардың сенімді тұлғалары, сондай-ақ өздерінде жеке қорғаныс құралдары жоқ сайлаушылар қамтамасыз етілді.

Пайдаланылмаған бетперделер Алматыдағы медициналық мекемелерге тапсырылды. Бұдан өзге, Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету үшін мектептерге тағы 1 миллион бетпердені таратты.

Бетперделер тәркіленген қоймадан алынды. Бұрын хабарланғанындай, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандардан бірнеше миллион бірреттік бетперделер тәркіленген болатын.