• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Қаңтар, 2021

Өркениетті деңгейде өткені қуантты

267 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Жастарға жол» қоғамдық қорының да сайлаудағы алғашқы тәжірибесі сараланып отыр. «Сайлаудағы әділ және адал бақылау туралы» хартияның бастамашысы Айгүл Соловьева мен «Жастарға жол» қоғамдық қорының байқаушылар штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов байқаушылардың жұмысы туралы өз көзқарастарын білдірді.

«Хартияның бастамашысы ретінде бүкіл процестің мониторингі халықаралық стандарттар негізінде жүргізілді деп айта аламын. Байқау үш кезеңмен өтеді. Біріншісі – бұл учаскелерді дайындаудың сайлауға дейінгі мониторингі. Халықаралық мамандар атап өткендей, бәрі жақсы деңгейде болғаны бізді қуантты. Учаскелер дер кезінде дайын болып, барлық учаскелерде мобильді медициналық кабинеттер ұйымдастырылды, сай­лаушылардың барлық санаты үшін тең қолжетімділік қам­та­масыз етілді. Екінші – сайлау күні, мұнда процесс өрескел оқиғаларсыз өтті. Партиялар мен БАҚ тарапынан барлығы өте өркениетті болды деп айтуға болады», деді А.Соловьева.

Рафаэль Гасанов «Жастарға жол» қоғамдық қорының штабы атқарған жұмыстарға баға бере келе: «Таңғы сағат 10-да біздің сарапшылар штабтың же­дел желісіне түскен барлық дерек­ті және тәуелсіз байқау­шылардың хаттамаларын зерт­теді. Қазір жалпы сайлау сәтті өтті деп айтуға болады, біздің байқаушылар сайлау процесінің өрескел бұзылуын немесе сай­лау­шылардың азаматтық құқық­тарының бұзылуын кез­дес­тірген жоқ», деді.

Р.Гасановтың айтуынша, ерек­ше назар аударуға лайық­ты сәттер болды. Келеңсіз жағ­дай­­лар фактілері мен жа­ғ­дайлары тіркелген, олар жік­теліп, қорытынды есепке енгі­зі­летін болады.

«Біз әлеуметтік желілер мони­то­рингінен келіп түскен, «аран­датушылық» сипаттағы ақпа­рат­ты ескермедік. Біз осы фак­тілерді растау немесе жоқ­қа шығару үшін ресми орган­дарға сұрау салдық. Бұл сәттер де тіркеліп, фактілердің түп­нұс­қалығын анық­тау және процес­суалдық ше­шім қабылдау үшін тиісті қада­ғалау органдарына берілетін болады», деді Р.Гасанов.

 

АЛМАТЫ