Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарып, дауыс беру нәтижелері бойынша депутаттық мандаттарды таратты, деп хабарлайды Egemen.kz
Саяси партиялардың Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсынуы екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталды. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 86-шы бабыбның 3-ші тармағында белгіленген талаптарға сай болуы, сондай-ақ, Конституцияның 33-ші бабының 2-ші және 3-ші тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болу керек.
Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 68,11% «Nur Otan» партиясына дауыс берді, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,11% дауысқа ие болды, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы сайлаушылардың 7,68% дауысын алды, Қазақстан халық партиясы - 7,31% және «Адал» саяси партиясы - 6,79% дауыс алды.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес дауыс беру қорытындылары бойынша саяси партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
«Nur Otan» партиясы Қазақстанның «Aк жол» демократиялық партиясы «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан халық партиясыЖанна Асанова айтуынша, «Nur Otan» партиясы 29 депутаттық мандат алды, Қазақстанның «Aк жол» демократиялық партиясы 4 мандатқа ие болды, ал «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы мен Қазақстан халық партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды.
Естеріңізге сала кетейік, партиялық тізім бойынша Алматы қаласы мәслихатына дауыс беру 2021 жылдың 10-шы қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтті. Сайлаушылардың белсенділігі 30,25% пайызды құрады.