Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Дәулетбаев өңірдің бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұрынғы бас санитар Владимир Нечитайло зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды. Ол енді санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысынының орынбасары қызметін атқаратын болады.
«Мен өз лауазымымнан 6-қаңтар күні шеттетілдім. 13-қаңтарда 63 жасқа келемін. Оған дейін негізгі жұмысымды атқара тұрамын», деді В.Нечитайло.